Жыл сайын әлемде 1,9 млн адам СПИД жұқтырады

ЮНЭЙДС бағалауы бойынша әлемде соңғы 5 жылдың ішінде әр жыл сайын 1,9 млн. адам АИТВ-ны жұқтырады, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ-нің баспасөз қызметі.

0
АИТВ ЖИТС СПИД

ЮНЭЙДС бағалауы бойынша әлемде соңғы 5 жылдың ішінде әр жыл сайын 1,9 млн. адам СПИД жұқтырады. Ал, Қазақстан «15-49 жас аралығындағы тұрғындардың ішінде СПИД инфекциясының таралуы» Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде 0,18% көрсеткішімен алғашқы орындағы елдер тобының қатарына кіреді.

Осыған орай елімізде медициналық қызметті жетілдіріліп, бірқатар қызмет түрлері енгізілді. СПИД инфекциясы бар әйелдер мен олардан туған балалар ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес республикалық бюджет есебінен профилактикалық ем қабылдайды. Жыл сайын осы инфекцияны анқытауға 2 млн-нан астам адам тестілеуден өтеді. Нәтижесінде ВИЧ-тан болатын өлім 2010 жылы 1 мың адамға шаққанда 16,1-ден 2015 жылы 9-ға дейін 1,8 есеге төмендеді.

Сондай-ақ биыл 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін еліміздің барлық өңірлерінде Халықаралық ВИЧ-пен күрес бүкіләлемдік күніне орайластырылған СПИД инфекциясының алдын алу туралы айлық өтеді. Оның негізгі мақсаты – халықтың хабардарлығын арттыру, қоғам назарын СПИД/ВИЧ проблемаларына аудару, профилактикалық бағдарламаларды қолдау, СПИД-пен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілік пен стигманы төмендету.

Айлық аясында СПИД/ВИЧ профилактикасы мен контрацепция құралдары туралы ақпараттық-ағартушылық материалдарды тарату арқылы халықтың осал топтары мен жастар арасында баспасөз конференциялары, тренингтер, мини-сессиялар; сонымен қатар, халықаралық ұйымдар, жастар мен ҮЕҰ-ның қатысуымен мәдени-қоғамдық шаралар, марштар мен марафондар; акция өткізілетін жерлерде «СПИД-ті анықтауға тексеріл» экспресс-тестілеуін және т.б. шараларды өткізу жоспарланып отыр.

ҚР ДСӘДМ ВИЧ-пен күрес және оның алдын алу республикалық орталығы қазақстандықтарды кампанияны қолдауға, СПИД-тің алдын алу шараларын жандандыру үшін «Мен СПИД-тің алдын алуға келісемін!», «Кемсітушілік жоқ» және т.б. сияқты қысқа сөзді немесе сөздер тізбегін алақандарына жазып, суретке түсіп, өз пікірлерін білдіруге шақырады. Азаматтар өз суреттерін ЮНЭЙДС-тің Facebook парақшасында жариялай алады.

Естеріңізге сала кетейік, ДДСҰ алғаш рет ВИЧ-пен күрес күнін 1988 жылы жариялаған болатын. Бұл күні қоғам эпидемияға тап болған адамдарға тілектестік білдіріп, бүкіл әлемде таралып келе жатқан СПИД инфекциясымен күресті қолдайды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу