ауа райы тұман

«Қазгидромет» РМК ақпараттарына сүйенетін болсақ, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының ей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады. Солтүстік Қазақстан облысында сонымен қатар 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысының кей жерлеріне тұман тұман түсіп, көктайғақ болады. Қарағанды облысының да кей жерлерінде тұман, көктайғақ. Желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, таң ата және күндіз 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысында тұман түседі, түнде желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді.

Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарына тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ болып, желдің күші 15-20 метр/секунд болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!