Криштиану Роналдудың “Реалдағы” жалақысы белгілі болды

Ғалам футболының ғажайыбына саналып кеткен Криштиану Роналду мадридтік «Реалмен» келісім шартты 2021 жылға дейін ұзартты. Дереккөз: 24 Хабар

1
Криштиану Роналду
ФОТО: ©VALERY HACHE/AFP

Криштиану Роналду Роналду «Реал» тарихындағы ең қымбат ойыншы.  Оның жалақысы аптасына 410 мың еуроны құрайды. Ол дегеніңіз қазіргі курспен аптасына 153 млн 898 мың теңге, демек португал футболшысы айына 615 млн 590 мың теңге алады.

Клуб президенті Флорентино Перес: “2021 жылдың 30 маусымына дейін Роналду біздің командаға тиесілі болады, әрі одан кейін де біздің клубта ойнағысы келеді”,- деп мәлімдеді. Корольдік клубпен ол 3 алтын допты және 2 чемпиондар лигасының кубогын ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда қазақстандық  “Ақтөбе” футбол клубы футболшыларының жалақысы белгілі болған еді. Оның ішінде ең жоғарғы табыс Алексей Щеткинге тиесілі. Көрсетілген құжатта ол ай сайын 9 млн теңге алатыны жазылған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу