Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 5 жылға ұлғайды

Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 5 жылға ұлғайып, 72 жасты көрсетті. Дереккөз: ҚазАқпарат

1
Зейнеткер апа

«Елбасының тапсырмасымен еліміздегі барлық облыстарда кардиоxирургиялық бөлімдер желісі ашылды. Астанада медициналық кластер іске қосылды. Жүрекке, миға бұрын болмаған операциялар жасау қолға алынып отыр. Осының нәтижесінде xалықтың орташа өмір сүру ұзақтығы ұлғайды. Мысалы, Тәуелсіздік алған алғашқы 1991 жылды мысалға алатын болсақ, өмір сүру ұзақтығымыз ол кезде 67 жас болған. 25 жылда аталған көрсеткіш 5 жасқа ұлғайып отыр. Сонымен қатар, ана өлімі бес есе, бала өлімі үш есеге азайған», – деді Бақытжан Сағынтаев бүгінгі Үкімет отырысында.

Отырыс барысында баяндама жасаған денсаулық және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында медициналық қызметтердің сапасын барынша көтеру жоспарланып отырғанын айтты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Адам ит жанды деген рас екен ғой… Ой, алла-ай. Тағы біраз қиналсақ Жапонияға жететін шығар өмір сүру жасымыз.

Пікір қосу