Заңгер-робот
Көрнекі сурет

Қазақстандық Жаңашыл зияткерлік технологиялар академиясының директоры Нұралы Құдайбергенұлының  «Жасанды интеллект тілдерін жасау әдістемесі» жапондық ғалымдарды таңқалдырды. Ол бұл баяндамысын Қазақстан мен Жапония Үкіметтері мен жеке сектордың экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының алтыншы отырысында оқыды.

Ол жапон елінің 1982-1992 жылдарда 54 млрд иен (шамамен 199 млн 995 мың теңге) жұмсалған компьютердің 5-ші буыны  мен жасанды интеллект тұғырнамасын жасау жобасының сәтсіз аяқталу себептерін түсіндірді. Бүгінде Жапон елінің инвестициясы көмегімен бірлесе отырып, жасанды интеллект (робот) тілдерін жасау мүмкіндігінің дәлелді жобасымен таныстырды.

Нұралы Құдайбергенұлы

Нұралы Құдайбергенұлы жасанды интеллект (робот) тілдерін жасау компьютерлік ақпараттық бағдарламасын Аристотель, әл-Фараби, Кант, Гегель, Маркс және Джон МакКарти, П.Кузнецов, Б.Қойшыбаев, О.Мухин сынды ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жасаған.

«Компьютерлік кодтау тілін білетіндер саны жер бетінде 100 мың адамнан аспаса, ақпараттық бағдарлама мамандарының саны 50 млн. адамға жуықтайды. Ал біз ашқан компьютерлік жобалау тілінде 0,5 млрд адам ақпараттық бағдарламашыларға тәуелді болмай еркін жұмыс істей алатын болады және экономист-робот, заңгер-робот сынды жасанды интеллект иелері өмірге келеді», – деді ол.

Ғалымның айтуынша, кез келген құқықтық құжат дайындау қажет болғанда заңгер-роботтың көмегіне жүгініп,оған  арнайы тапсырмаларды жүктеу арқылы бұйрық бересіз. Ол аз уақыттың ішінде қажетті ақпараттарды сараптап, кәсіби тұрғыда өзіңізге қажетті құжатты санаулы минуттардың ішінде дайындап береді.

«Бұл комиссия отырысына қатысудағы басты мақсатым – осы жобамды жапондық әлеуетті инвесторларға таныстырып, мүмкін болған жағдайда инвестиция тарту арқылы оны жүзеге асыру. Өйткені, бұл жобаны жүзеге асыруға қомақты қаражат қажет. Жалпы, жапондық іскерлік орта тарапынан жобаға зор қызығушылық бар екендігін байқадым», – деді ол.

Айта кетейік, сыо уақытқа дейін  Нұралы Құдайбегенұлы ашқан ғылыми жаңалық негізінде «Зияткелік мектеп», «Цифрлы университет» жүйелерінің жасалған еді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!