12 жылдық білім берудің мақсаты қандай?

"12 жылдық білім берудің міндеті есейген балаларды  тағы бір жыл мектепте ұстау емес. Оған көшуіміздің бірнеше себебі бар",-деп түсіндірді Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Дереккөз: strategy2050.kz

0
Мектеп оқушы мұғалім

12 жылдық білім беруге көшудің бірнеше себебі бар. Ол бірқатар факторларға  байланысты. Қазіргі таңда әлемнің 216 елінде 12 жылдық білім беру жүйесі енгізілген.

Еліміздегі 12 жылдық білім берудің негізгі екі мақсаты бар:

  1. Балалар білім алуды ерте бастайды;
  2. ЖОО-ларда  жалпы  бағдарламалалық білім беру қысқарады.

«12 жылдық білім берудің міндеті есейген балаларды  тағы бір жыл мектепте ұстау емес. Негізгі мақсат – бірінші сыныпты 6 жастан бастау. Қазір бізде 6 жастағы балалардың  тең жартысы мектепте, тең жартысы үйде жүр. ЭЫДҰ елдері  бұл жайтты баяғыда түсінді. 6 жастан кейін баланың білімді лезде қабылдау қабілеті таяздала бастайды. Бұл ғылыми түрде дәлелденген. Бұл сәтті пайдалана алмасақ, әрі қарай күрделі, қиын болады. 6 жас кезінде партада отырғандар мен отырмағандар арасында білім деңгейі айырмашылыққа ие болады. Бұл айырмашылық қала мен ауыл мектебі арасында  бар. Сондықтан да басты мақсат 6 жасында бала партаға отыруы керек», – деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

ҚР БҒМ басшысының айтуынша, 12 жылдық білім беруге көшсек, орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту мен қазақ тілді оқулықтар 300 сағатқа өседі.

«Қазір бізде 150 мың бала 6 жасынан білім алса, 180 мыңы оқымайды. 6 жасынан мектепке бармаған 180 мың бала үшін біз аталмыш бағдарламаны енгізіп отырмыз», – деді ол.

Осыған орай, ЖОО-ларда жалпы білім беру бағдарламалары қысқарады.

«Үздік ЖОО-лардың  ректорларымен сөйлесетін болсаңыз, олар: бірінші курс – мектептегі бағдарламаны қайталау дейді. Сондықтан да екі университеттің ректоры болған тәжірибем бойынша  біз 12 жылдық білім беруге көшуіміз керек. Бұл ЖОО бағдарламасына енбеуі керек. Қазір жұмысты бастадық», – деді Ерлан Сағадиев.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!