Шахматшы Бибісара Асаубаеваға Ресей билігі жаңа пәтер берді

Қазақстаннан Ресей құрамасына ауысып кеткен шахматшы қыз Бибісара Асаубаеваға жақында қол жеткізген алғашқы жеңісі үшін Ресей билігі жаңа пәтер сыйлады, деп хабарлайды Baq.kz. Дереккөз: Baq.kz

Бибісара Асаубаева

Пәтер кілтін Бибісараға Мәскеу облысы Химки қаласынының округ басшысы міндетін уақытша атқарушы Дмитрий Волошин табыстады. Әдетте аз мерзім өнер көрсеткен шахматшыларға бірден екі бөлмелі пәтер кілті табысталмайтын. Украинаның шахматтан әлем чемпиондары Анна Ушенина мен Мария Музычук Харьков пен Львовтан уәде етілген пәтерлерін әлі күнге ала алмай жүр.

Бибісара Асаубаева

Естеріңізге сала кетейік, Бибісара Асаубаева Батуми қаласында кадеттер арасында өткен әлем чемпионатында Мәскеу маңы қаласының атынан өнер көрсетіп, 12 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атанды. Бұл – биыл тамыз айында Ресей елінің спорттық азаматтығын алған қазақ қызының Ресейге әкелген алғашқы жеңісі еді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!