Сауалнама: “Kazakhstan” сөзін “Qazaqstan” деп өзгерткен дұрыс па?

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан (еліміздің атауы) сөзінің ағылшын тіліндегі транскрипциясын – «Qazaqstan» деп өзгертуге қатысты пікірін білдірді.

3
Qazaqstan Kazakhstan Қазақстан

Сенат спикері Қазақстан атауының ағылшын тіліндегі нұсқасын «Qazaqstan» деп жазу дұрыс екенін айтып, өзінің «Twitter» желісіндегі жеке парақшасында бөліскен.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде кейбір банктер «К» әріпінің орнына «Q» әріпін қолдануды бастап кеткен. Тіпті, дәл осы транскрипциямен жұмыс істеп жатқан әуе компаниясы да бар.

Лингвистердің пікірінше, «қ» әріпі ағылшын тілінде «q» (кью) болып жазылады екен. Сәйкесінше «Қазақстан» сөзі «Qazaqstan» деп өзгеруі тиіс-тін. 1940 жылға дейін, Қазақ республикасына кирилица жазуы әлі енбеген кезде ел атауы латын жазуынша «Qazaq», «Qazaqstan» деп белгіленген. Ал «Kazakhstan» деген сөз ешқандай да елдік негізді көрсетпейтін, орыс тіліндегі «Казахстан» атауының тікелей транслитерациясы ғана болған.

"Kazakhstan" сөзін "Qazaqstan" деп өзгерткен дұрыс па?

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

3 пікір

  1. сондықтан қалай бар солай қала беру керек, әйтпесесе күндердін бір күні руларынды ауыстырындар деп шығады.

  2. неге біздің банктер бірден ауыстыруға дайын тұрады екен, қазақша ауыстырып қойсын

Пікір қосу