Алаш қайраткерлері

Қоғамдық тыңдауға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары М.Қабыл, Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.Шынтасова және мәслихат депутаттарымен қатар, мекеме басшылары да қатысты. Қала тұрғындарының басым көпшілігі бұл мәселелерге ерекше ықылас танытып, қолдау көрсетті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, 2016 жылдың 6 қыркүйегінде Астана қаласында өткен «Ономастика және көрнекі ақпарат: міндеттер мен ұсыныстар» атты семинар-кеңестің хаттамасында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес, қала көшелері мен оның құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгертуге бір мәрте рұқсат берілді. Осының негізінде Ақтөбе қаласындағы ономастика саласын жүйелеу мақсатында, әрі қазіргі идеялық көзқарас бойынша көнерген атауларды өзгерту мәселесі көтеріліп отыр.

Қазақ халқының өткен тарихында із қалдырған, жеріміздің тұтастығы мен азаттығы үшін күрескен хандар мен батырлардың, ақын-жыраулар мен би-шешендердің, қуғынға ұшыраған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің есімдерін ұлықтау мақсатында Ақтөбе қаласындағы кейбір көше атаулары қайта аталғалы отыр.

Атап айтсақ:

1) М.Т.Ряхов – Мұстафа Шоқай көшесі;
2) И.Ф.Киселев – Әлихан Бөкейханов көшесі;
3) Кобозев – Ахмет Байтұрсынұлы көшесі;
4) Париж коммунасы – Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесі;
5) Ағ. Коростылевтар – Мағжан Жұмабаев көшесі;
6) С.Разин – Жүсіпбек Аймауытов көшесі;
7) В.Ф.Зинченко – Міржақып Дулатов көшесі;
8) Краснощеков – Бейімбет Майлин көшесі;
9) Красная – Сәкен Сейфуллин көшесі;
10) В.И.Чапаев – Ілияс Жансүгіров көшесі;
11) Фрунзе (тұйық көшесі) – Халел Досмұхамедұлы көшесі;
12) Жуковский – Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесі;
13) Пугачев – Есет Көтібарұлы көшесі;
14) Левон Мирзоян – Ораз Тәтеұлы көшесі;
15) 1905 жыл – Қайрат Рысқұлбеков көшесі;
16) Ленинградская – Мұхамеджан Тынышбаев көшесі;
17) Озерный – Мұқағали Мақатаев көшесі;
18) Цемент – Әлкей Марғұлан көшесі;
19) Коммунальниктер – Әміре Қашаубаев көшесі;
20) Патоличев – Әбубәкір Кердері көшесі;
21) Тельман – Жанша Досмұхамедұлы көшесі;
22) Советский (тұйық көшесі) – Өзбекәлі Жәнібеков көшесі;
23) Р.Люксембург – Хиуаз Доспанова көшесі;
24) Новый ауылдық округіндегі Ленин көшесін – Баубек Бұлқышев көшесі,
25) Новый ауылдық округіндегі Советский көшесін –  Хамит Ерғалиев көшесі.

Аталған ұсыныс қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылды. Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясы қорытынды береді.

9 пікір

  1. Мыналарың қуантарлық жағдай ғой. Ата бабаларың бір разы болып қуанып қалатын болды.

  2. Ешкандай карсылык жок. Бирак та сол елдин тумасы акем акын, журналист Сабит Баймолдин кайтыс болганына 15 жыл болды. Коше бермей отыр. Есенбай Дуйсенбай да кайтыс болды. Ол кисилердиде ойласа болар еди.

  3. Сондай мәселелерді облыс өздері шешу керек деп ойлайм. Үаіметке кетсе уақыт созыла бермек. Алла разы болсын. Асылдар бір аунап қалатын болдау

  4. Оте дурыс,болганекен ,Петропавлды кашан Кызылжар болар екен соны каты армандаймын.Биздин Астанамыз солтустик Казакстан тек кана казакша солегенин тилеймин,орыскулдарга орысша сойлеп каты намыстанамын озимнин казак тилим турганда.Оян казак оян бир биримиз билен казакша солесейик,25 жыл болды Тауелсиздигимизге,казакша солейтин вагт келди.Казагым Qazaqstan,болуына барлыгымыз болып дауыс береик ол биздин кадыми латын тилинде жазылат.Оган орыскулдар,орыстар карсы,турат,биз оз мемлекетимизде озимиздин казак баскраушысы болсын.

  5. Мирзоян жауыздың есімін жойғаны-өте керемет!!! осының ішінде. Жалпы KAZAKHSTAN ды ұмытып, QAZAQSTAN болу жолының бастамасы. Іске сəт!!!

  6. Ақтөбе тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 көшесін өзгертпек. Құптарлық іс, жұп болсын!
    25 жылдыққа 25 көшемен шектелмей ақ қою керек еді. Бүкіл қаланын көшесін өгертуге болатын сәтті, өз қолдарыңызды өздеріңіз шектеп отырсыздар!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!