Азғыр полигоны ауыл шаруашылығына беріледі

Атырау облысындағы Азғыр полигонының 750 мың гектар жері жергілікті шаруаларға беріледі. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Азғыр полигоны

Азғыр ядролық полигонын әскерилер «Галит» деп те атайды. Ол КСРО Қорғаныс минститрлігі мен Атом өнеркәсібі минститрлігі және Бүкілодақтық эксперименттік физика ғылыми-зерттеулер институты мамандарының басқаруымен ядролық жарылыстар сыналған құпия сынақ аймағы. Полигонның жалпы ауданы — 600 мың гектар. Онда 1966 жылдың сәуір айынан 1977 жылдың қазанына дейін 17 жерасты ядролық жарылысы сыналған.

Азғыр аймағының қазіргі жағдайы туралы ҚР Парламент Сенатының депутаты, жерді қайтару рәсіміне қазақстандық және ресейлік әскерилер тобының құрамында қатысып жатқан Сәрсенбай Құрманов айтты:

«Қазіргі уақытта бұл аумақ зерттеліп жатыр. Топырақтың, ауаның және судың сынамалары алынды. Полигон 20 жылдан бері қолданылмаған, бірақ қандай да бір бөліктерінің қауіпсіз екеніне нақты көз жеткізу қажет. Биыл рәсімдер аяқталған соң, алқаптар жергілікті фермерлерге жалға беріледі. Олар өз шаруашылықтарын дөңгелетіп, жеңілдікпен несие алатын болады. Мұндай үлкен аумақта мұнайшылар да барлау жұмыстарын жүргізе алады», – деді ҚазАқпарат тілшісіне.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу