Бес күндік оқу жүйесінің мұғалімдер жалақысына әсері қандай?

Бес күндік оқу жүйесі мұғалімдердің жалақысын қысқартуға себеп болмайды. Керісінше Білім министрлігі педагогтардың жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі Дереккөз: Baq.kz

Мектеп мұғалімі оқушылар

Биылғы жылдан бастап бірінші сынып оқушылары бес күндік оқу жүйесіне көшеді. Бұл өзгеріс мұғалімдердің жалақысына әсер етпейді. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, мектептерге 12 жылдық білім беру бағдарламасы енгізілгеннен кейін, ұстаздардың жалақысын көтеру жоспарланып отыр.

«2019 жылдан бастап елімізде жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылады. Айта кетейік, педагогтардың еңбекақысын қысқартпаймыз. Олардың жалақысын өсіру жоспарымызда бар, бірақ бұл әзірге жоспар ғана. Қашан екені белгісіз», – деп хабарлады informburo.kz порталына министрліктен.

12 жылдық білім беру схемасы бойынша «0 сынып (мектепалды даярлық)+11 сынып» принципі бойынша енгізіледі. Барлық сыныптарды жаңартылған мазмұнға көшіру 2020 жылға қарай аяқталады. 12 жылдық білім беру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі. Яғни 2016 жылы – 1 сыныптар, 2017 жылы – 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы – 3,6,8, 10 сыныптар, 2019 жылы – 4,9, 11 сыныптар көшіріледі.

Айта кетейік, 2016 жылдың наурызында Білім және ғылым министрлігі мектептерді бес күндікке көшіру схемасын бекітті. Қазақстан Президенті оқушыларды бес күндік оқу аптасына көшіру туралы шешімді қолдап, бірқатар пәнді біріктіруді ұсынды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!