Тұңғышбай Жаманқұлов

«Маған ештеңе айтпай тұрыңызшы деді. Маған айтуға болмайды деп жатыр. Мен өзім кеше естідім. Тұңғышбайды алдымен куәгер ретінде шақырған болатын. Дерек-дәйек аламыз деді. Содан кейін алып қалды. Ары қарай не болғанын өзім де білмеймін. Мен қазір шынымен ештеңе айта алмаймын, ол басында тек куәгер ретінде шақырылған. Басқа жаңалық болса өзім де xабарламасын ғой», – деді Дария Әбдумәлікқызы ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Тұңғышбай Жаманқұловтың телефондары қосулы тұр. Алайда оның барлығын құқық қорғау органдары тәркілеп алған. “Маған бірдеңе айтсаң, іс насырға шабуы мүмкін деді. Сәл күте тұрайықшы. Мені тыңдап жатыр. Дәл қазір ештеңе айта алмаймын”, – дейді ол.

Еске сала кетейік, Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросының мәліметіне сәйкес, «Феникс» көркем фильмін түсіруге арналған 79 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС есеп-шотына аударылып, сол арқылы 69 млн. теңгесі ұрланғаны айтылған еді.

Ал аталған фирманың құрылтайшысы – картинаның бас  продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов. Ғаламтордан алынған кәсіпорынның төлқұжатына сәйкес,«Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан. Фирманың айналысатын саласы “көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу” деп көрсетілген.

Қарашаның 2-сі күні бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды. Сондай-ақ  сот санкциясымен «Қазақфильм» АҚ-ның экономика және қаржы басқарушы директоры Г. Ысқақова мен атқарушы продюсер Н. Юдина тұтқындалды.

Бұған дейін “Феникс” фильміне байланысты Тұңғышбай Жаманқұлов пен мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының арасында дау туындаған еді. Көп ұзамай Жаманқұлов жетекшілік ететін театр қайраткерлері одағынан театр басшылары жаппай шығып кеткенболатын.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!