Мультфильмнің басты кейіпкерлеріне өз дауыстарын Лидия Кәден, Назерке Серікболова, Мақпал Исабекова, Бүркіт, Жәнібек Мұсаев және Сырым Қашқабаев сынды Қазақстан әншілері мен актерлері сыйлады.

Еске сала кетейік, «Моана» – 2016 жылдың «Болашақ» Корпоративтік қорымен қазақ тіліне дубляждалған Дисней студиясының 3-кинотуындысы, ал 2011 жылдан бері дубляждалған 16-фильм. Моана – Диснейдің жаңа ханшайымы, Туи көсемінің қызы, 14 жасар арманшыл қыз. Ол досы – жартылай құдай Мауимен бірге шексіз мұхитқа сапарға аттанады. Оқиға желісі 2000 жыл бұрын Тынық мұхиты аралдарында өрбиді.

Қазақ тіліндегі дубляж режиссері Рита Әбішева, жобаның музыкалық жетекшісі – Күнімгүл Борамбаева.

«Моана» 1 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында!

Анықтама:
Ағылшын тіліндегі нұсқасын дайындаған әртістердің ішінде – жасөспірім актриса Аулии Кравалхо бас кейіпкер Моананы дыбыстайды, ал Дуэйн Джонсон жартылай құдай, жартылай адам – ұлы Мауиге өз дауысын сыйлайды.

Сонымен қатар, мультфильмнің ағылшын тіліндегі нұсқасында Джемейн Клемент (тәкәппар 15-метрлік шаян Таматоаның дауысы), Рэйчел Хаус (теңдессіз Тала әжейдің дауысы), Темуэр Моррисон (мәртебелі көсем Туидің дауысы), Николь Шерзингер (Моананың анасы Синаның дауысы) сынды керемет актерлердің дауыстарын естуге болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу