Олимпиада ойындарына жолдама алған 60 боксшының тізімін жариялады

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АIBA) 2016 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алған 60 боксшының толық тізімін жариялады. Қазақ елінен Біржан Жақыпов (49 келі), Берік Әбдірахманов (60 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Василий Левит (91 келі) енді Олимпиада ойындарына алаңсыз дайындалуына әбден болады.

0
Біржан Жақыпов

2015 жылы әуесқой бокстан әлем чемпионаты, APB лигасы мен WSB жобасы бойынша 60 жолдама таратылған болатын. Биылғы олимпиадалық циклдың бір ерекшелігі – АИБА 2016 жылғы Олимпиада ойындарына жолдамаға талас барысында бір мемлекетке бір салмақ дәрежесінде 2-3 жолдамаға қол жеткізу мүмкіндігін берді. Осыған сәйкес кейбір мемлекеттер бір салмақта 2 жолдамадан иеленді.

Бір салмақта екі жолдамадан алған Өзбекстан 1, Ресей 4 жолдаманы кері қайтарды.

– Өзбекстан 60 келі салмақта жолдама алған Хуршид Тожибаевты (АРВ) қалдырып, Елнұр Әбдірайымов (ӘЧ-2015) алған жолдамадан бас тартты. Елнұрдың жолдамасы бразилиялық Робсон Консейсаоға өтті.

– Ресей Олимпиада ойындарына Виталий Дунайцев (ӘЧ-2015, 64 келі), Андрей Замковой (АРВ, 69 келі), Артём Чеботарёв (АРВ, 75 келі), Евгений Тищенконы (ӘЧ-2015, 91 келі) апаруды жөн санады. Осы салмақтарда жеңіп алған Ресейдің жолдамалары келесі боксшыларға:

  • 64 келі: Армен Закариянның (АРВ) жолдамасы Абделкадир Чадиге (Алжир);
  • 69 келі: Раджаб Бутаевтың (WSB) жолдамасы Стивен Джерард Донелиге (Ирландия);
  • 75 келі: Петр Хамуковтың (WSB) жолдамасы Ильяс Аббадиге (Алжир);
  • 91 келі: Алексей Егоровтың (АРВ) жолдамасы Давид Графқа (Германия) бұйырды

photo_58089

Сондай-ақ, WSB мен әлем чемпионатынан бір спортшысы екі жолдамадан алған Марокко, Ирландия, Әзірбайжан бір-бір жолдаманы, Куба 4 жолдаманы кері қайтарды. Сәйкесінше ол жолдамалар кімдерге тиесілі болағанын тізіп өтсек:

Марокко:

  • 69 келі: Мохаммед Рабиидің WSB-дан алған жолдамасы Парвиз Багировке (Әзірбайжан)

Ирландия:

  • 56 келі: Майкл Конланның WSB-дан алған жолдамасы Энди Круз Гомеске (Куба)

Әзірбайжан:

  • 60 келі: Альберт Селимовтың WSB-дан алған жолдамасы Карлос Зенон Балдеросқа (АҚШ)

Куба:

  • 52 келі: Йосвани Вейтияның WSB-дан алған жолдамасы Ароубби Ашрафқа (Mарокко)
  • 60 келі: Ласаро Альварестің WSB-дан алған жолдамасы Адлан Абдурашидовқа (Ресей)
  • 75 келі: Арлен Лопестің WSB-дан алған жолдамасы Томаш Яблонскийге (Польша)
  • 81 келі: Ла Круздың WSB-дан алған жолдамасы Хрвое Сепке (Хорватия) өтті.

Сонымен 2015 жылғы іріктеудің қорытындысы бойынша:

  • Ресей — 8
  • Куба — 7
  • Қазақстан, Ирландия, Өзбекстан — 4 жолдамадан;
  • Қытай, Франция, Германия, Әзірбайжан — 3 жолдамадан;
  • Алжир, Хорватия, Италия, Марокко, Мексика, Түркия — 2 жолдамадан;
  • Белоруссия, Бразилия, Египет, Иран, Пуэрто-Рико, Польша, Румыния, АҚШ, Тайланд — 1 жолдамадан иеленді. Жалпы 24 мемлекетте жолдама бар.

Қазақстан боксшылары үшін келесі іріктеу турнирі 2016 жылдың 23 наурыз – 3 сәуір аралығында Қытайдың Циньян қаласында өтеді. Ол іріктеу турниріне біздің 4 (49, 60, 69, 91 келі) Қытайдың 3 (49, 56, 69 келі), Өзбекстанның 4  (56,60,64,75 келі) салмақтағы боксшылары қатыспайды. Бұдан бөлек,  64 келіде Вуттчай Масукты (Тайланд), 81 келіде Эхсан Рузбаханиді (Иран) көрмейтініміз анық.

Тағы бір айта кететіні, жолдама алған 60 боксшының 34 -і олимпиада дебютанты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!