Сауалнама: Мектепте хиджаб киюге тыйым салған дұрыс па?

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде діни киімдер мен діни атрибуттар (бас киімдер – бөріктер, тақиялар, хиджабтар және т.б.) киюге тыйым салынғаны туралы хабарлаған. Дереккөз: edu.gov.kz

0

2016 жылдың 14 қаңтарында ҚР Білім және ғылым министрлігі міндетті мектеп формасы үшін бірыңғай ережелерді енгізді. Осы талаптарға сәйкес мемлекеттік білім беру мекемелерінде белгіленген ережелерді сақтау керек.

Білім және ғылым министрлігі міндетті мектеп формасы
Сурет: edu.gov.kz

Мектеп формасына қойылатын талаптар бұрынғыдай: пиджак, бешпет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, белдемше, классикалық блуза (қыстық нұсқасы: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Ұлдар мен қыздар үшін шалбар еркін пішімде, ұзындығы бойынша міндетті түрде аяқтың тобығын жабады.

Мектепте хиджаб киюге тыйым салған дұрыс па?

Егер бала мектепке немесе басқа білім беру мекемесіне діни киімде келсе, оқу орнының әкімшілігі оқушыны міндетті киім үлгісіне қойылатын талаптар жөнінде хабардар етіп, ескерту жасайды. Мұндай жағдай қайталанса, мектеп әкімшілігі баланың ата-анасын шақырып, сұхбаттасады. Алайда, белгіленген киімі үлгісіне қойылатын талаптарды бұзу қайталана беретін жағдайда, мектеп әкімшілік баланың құқықтарын қорғау үшін қамқорлық органдарына жүгінуге мәжбүр болады. Өйткені әрбір баланың құқығы – мемлекеттік міндетті білімді алу.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!