Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы арзандады

Әлемнің басты мұнай биржаларында өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent маркалы мұнай бағасы түсті, деп хабарлайды Қазақ Телеграф агенттігі.

1
Brent маркалы мұнай бағасы

Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайтының хабарлауынша, жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бағасы орташа есептеген Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) – IСE Brent Crude Futures Electronic $48,3 (-1,41)/барр. Ол барреліне 16 мың 186 теңгені құрайды.

Ал, New York Mercantile Exchange (NYMEX) мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $46,86 (-1,84)/барр. болды, яғни бір баррель 15 мың 704 теңге.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

  1. Біріккен Араб Әмірліктері қазір мұнайға қарап отырған жоқ. Рас, олар мұнай арқылы экономикасын ең басында бір серпіп алды да, негізінен экономиканың басқа салаларын аяққа тұрғызды. Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен жылы туризмнен түскен пайда 20 млрд долларға жетіпті. Әбу-Даби мен Дубайда бір жылдың ішінде 50 милионнан астам жолаушыға қызмет көрсетіледі. Автокөліктер мен компьютерлік-электрондық тауарлар және түрлі тұрмыстық тұтыну заттары өздерінде шығарылып шет елдерге сатылады. Біздің мемелекет олардан үлгі алулары керек.

Пікір қосу