Тектілік феномені

Әлі күнге дейін жеті атаға дейін қыз алыспаған халыққа әлем жұртшылығының қызығушылықпен қарайтындығы даусыз. Жеті атаға дейін қыз алыспаған ата-бабаларымыз дәл қазіргідей ДНҚ-ны толық зерттемесе де, жақын адамдардың отбасылы болуынан сан алуан дерттің алдын алатынын жетік білген. Бүгінде сирек кездесетін сырқаттар генетикалық аурулар екендігі анықталған. Мутацияға ұшыраған нәрестелердің дүниеге келуі де қанның тазалығының сақталмауында екендігі дәлелденген. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Еуропаның генетик ғалымдары үш атадан үзілмей аралас некеден туған ұрпақтың белсіздікке ұшырайтынын айтып дабыл қағуда. Осы тұрғыдан қазақ халқы өзгелерден ұпайын жоғарылатады.

Асқар Жұмаділдаев

Білім, ғылым саласынан алып қарайтын болсақ, қазақтан есепке жүйрік талай білімді азаматтар шыққан. Соның бірі – 30 жылдан бері шешілмеген, «Нобель» сыйлығының иегерлері де шығара алмаған Нагата есебінің түйінін тапқан профессор Уалбай Үтмаханбетұлы Өмірбаев. Оның ғылыми шығармашылығына пікір жазған 19 адамның 17-сі шетелдік ғалымдар.

Ал, небәрі 32 жасында физика-математика ғылымдарының докторы атанған Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев осы уақытқа дейін Оксфорд, Киото тәрізді әлемнің үздік 13 университеті мен ғылыми орталықтарынан шақырту алған. Орынбек Жәутіков, Рысқұл Ойнаров, Сәдуақас Боқаев, Тынысбек Кәлменов, Серікжан Бадаев, Мұхтарбай Өтелбаев сынды профессорлар есімі шетелдерге әйгілі ірі математиктер қатарында.

Олардың ізін басып, “калкулятор бала” атанған он жасар Ілияс Тоқтархан да ресейлік “Удивительные люди” (Ғажап адамдар) телешоуында қабілетімен талайды таңдандырғаны көпшіліктің есінде болар. Әлемдік ірі корпорация Google-да маңызды қызметтер атқаратын Серік Бекетаев, Мадияр Айтбаев, Ержан Өткелбаев  сынды қазақ жігіттерінің болуын ұлттың білім саласындағы әлеуетін көрсетеді. Жақында әлемдегі ең ақылды адамдар қатарына енген Димаш Әділетов те – ұлт мақтанышы. Димаш – интеллект коэффициенті (IQ) жоғары адамдардың басын қосатын Mensa халықаралық ұйымының мүшесі.

Қытай қазақтар

Ең алғаш қазақтар…

Адамзат дамуына қазақ халқының қосқан үлесі аз емес. Халқымыз ең алғаш жылқыны құрықтап, қолға үйреткен халық ретінде белгілі. Шетелдік ғалымдар бес жарым мың жыл бұрын жылқының бірінші рет қазақ жерінде үй шаруашылығына бейімделгеніне дәлелдеген. Бұған дейін халықаралық археологиялық қауымдастық бұл үдеріс бір мың жыл кейін басталған деп есептеп келген. Бұл туралы 2009 жылы америкалық журнал Science, оның соңынан ілесіп Би-би-си және өзгеде әлемдік БАҚ хабарлаған болатын. Дегенмен бұл тұжырым алғаш 90-жылдары келтіріле бастаған. Қазақстандық археолог Виктор Зайберг пен америкалық ғалым Санда Олсен Солтүстік Қазақстандағы Ботай қорымынан ежелгі жылқының жақтарының өздігінен тозбағандығын дәлелдеген, бұл жергілікті халықтың ер-тұрман, ауыздықты пайдаланғандығын көрсетеді.

zhzhzhzhzhБатыр халық

Қазақ – талай саңлақты дүниеге әкелген батыр халық. Бір ғана мысал ретінде ғасырда бір туатын, қазақ балуандарының бренді Қажымұқан Мұңайтпасовты айтсақ болады. Ол өзінің теңдессіз өнерімен 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған. Қажымұқан – бойы 195 сантиметр, салмағы 139 келі, мойнының жуандығы — 56, аяқ киімі шамамен 54-і қалып (размер), шалбарының белдігі — 220, жауырынының жалпақтығы —  60 сантиметр болған алып батыр.

Қанат Ислам
Халықтың жан басына шаққанда кәсіпқой және әуесқой бокста осыншама табысқа жеткен мұндай елді сирек көрдім. ( Ғалым Боқаш, журналист)

Ал, қазіргі таңда қазақ спортшылары әлемдік аренада бокс арқылы жоғары беделге ие. Әуесқой бокста, кәсіпқой бокста да қазақ спортшылары шаршы алаңда күшінің басым екендігін танытып келеді. Қазақстанның ең танымал тұлғалаларының бірі Геннадий Головкин – әлемнің үздік боксшыларының қатарында. Қазақстан осы уақытқа дейін Олимпиада ойындарына 5 рет қатысқан. Әр Олимпиадада бокс бойынша алтын жүлдесіз қайтпаған.

Осы уақытқа дейін қазақ халқына баға берген әлемнің озық ойлы ғалымдары, ірі тұлғалары көп. Соның бірі ІІ Екатерина “Қазақтар өздерінің кім екенін білсе, әлемді жаулап алады” деген екен.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!