Денис Тен Қысқы Универсиадаға қатысады

Денис Тен - мәнерлеп сырғанау бойынша алтын жүлдеге негізгі үміткер. Мәнерлеп сырғанау бойынша Қазақстанның студенттер құрамасы 2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қызу дайындалып жатыр. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Денис Тен

«Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев АҚШ-та жеке бапкерлермен жаттығып жатыр, ал әйелдер құрамасындағы Айза Иманбек пен Регина Глазман Алматыда дайындалуда», – деді мәнерлеп сырғанау бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Құралай Узурова.

Бапкер Универсиадада Айза Иманбектің он үздік спортшы қатарына енетініне сенімді. АЛ, Денис Тен – алтынға үміткер. «Біз алдағы Универсиада-2017 ойындарында медальдар жеңіп алуға тырысамыз. Алтын жүлдеге негізгі үміткер Денис Тен, ол студенттік ойындарға қатысуға шешім қабылдады және қазір дайындық үстінде», – деді Құралай Узурова.

Айта кетейік, алдағы Универсиада 2017 ойындарына мәнерлеп сырғанау бойынша қазақстандық 10 спортшы қатысады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу