Бибісара Асаубаева

Бибісара Асаубаева өз жас категориясында алғаш рет Ресей намысын қорғап, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Батумиде өткен турнир нәтижесі бойынша Бибісара Асаубаева Үндістан елінің екі шахматшысын ұтқан. Бұған дейін Қазақстан атынан қатысып, мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатын үш рет жеңіп, бір рет сегіз жасқа дейінгі қыздар арасында чемпион атанған.

Сонымен қатар, шахматпен төрт жасынан бері айналысып келе жатқан Асаубаева  жеті жасында ФИДЕ шебері атағын алған. Ол жеті жасында мұндай атаққа ие болған ең бірінші бүлдіршін.

Асаубаева Тараз қаласында дүниеге келген. Ал осы жылы тамыз айында жас спортшының азаматтығын өзгерткені белгілі болды. Қазіргі уақытта ол Мәскеу облысы шахмат федерациясының мүшесі.

Батумиде сегіз жасар қыздар арасында тағы бір қазақстандық – Айша Закирова әлем чемпионы атағына ие болды. Ол Қазақстандағы сегіз жасар қыздар арасындағы чемпион, сонымен қатар Алматыда өткен сегіз жасқа дейінгі қыздар арасындағы чемпионаттың күміс жүлде иегері.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!