Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі қайта қаралатын болды

ҚР азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты бірінші сатыдағы соттың жаңа отырысы 2016 жылы 2 қарашада ҚХР Гуандун провинциясы, Гуанчжоу қаласында өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Ақжарқын Тұрлыбай

21 жастағы  қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын.  Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Еске сала кетейік, 2016 жылы  7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот  Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы етті.

«Сот отырысы 2 қарашаға белгіленді. Оған қыздың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов пен ҚХР-дағы ҚР Елшілігі консулдық бөлімінің өкілдері қатысады. Ақжарқынның анасы бұл жолы келе алмайды», – деді ҚХР-дағы ҚР Елшілігі консулдық бөлімінің басшысы Болат Сырлыбаев.

Бұған дейін БАҚ-қа Зухра Сейтімова, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы: “Ақжарқын ақылы бөлімде оқып, Алматыда пәтер жалдап тұратын.  Сондықтан киім-кешегі мен пәтер ақысын төлеу үшін қосымша жұмыс істеп жүрді. Сол жерде бөтен біреулермен танысып, олар қызыма киім тасымалдайтын курьер қызметін ұсыныпты. Есірткіні сөмкеге солар салып жіберген. Сондықтан менің қызымның кінәсі жоқ” – деп айтқан болатын. 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу