Назым Қызайбай халықаралық турнирде алтыннан алқа тағынды

Атырауда Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанова сынды қазақтың қаһарман қыздарын еске алуға арналған әйелдер арасында бокстан халықаралық турнир мәреге жетті. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Назым Қызайбай

Қазақстан бокс федерациясының мәлімдеуінше, 48 келі салмақта Алуа Балқыбекова, 51 келі салмақта екі дүркін әлем чемпионы, атыраулық ару Назым Қызайбай, 54 келі салмақта Аида Тұяқбай, 57 келіде Дәметкен Келімбет, 60 келі салмақта тағы бір атыраулық бойжеткен Назым Ишанова, 64 келі салмақта Мадина Нұршаева, 69 келі салмақта 2016 жылғы Әлем чемпионы Валентина Хальзова, 75 келі салмақта Виолетта Князева, 81 келі салмақта Мөлдір Базарбаева және 81 келіден жоғары салмақта Умида Садыкова алтыннан алқа тағынды.

«Бұл турнирге тыңғылықты дайындалып, жоғары мақсат қойдым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Алда бұдан да жауапты сайыстар тұр. Ең бастысы – Олимпиада ойындары. Оған 4 жыл тынбай дайындалу қажет», – дейді Назым Қызайбай.

Айта кетейік, тағы бір әлем чемпионы атанған қызымыз Дина Жоламан 54 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдені қанағат тұтты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!