8 жасар Айша Закирова шаxматтан Әлем чемпионы атанды

Балалар арасындағы Әлем чемпионаты 18-31 қазан аралығында Грузияның Батуми каласында өтті. Чемпионатқа 66 елден 728 бала қатысты. Дереккөз: БАҚ

11
Айша Закирова
Мақпал Жұмабай

Айша Закирова 8 жаска дейінгі қыздар (осы категорияда 85 бала ойнады) арасында 1 орын алып, Әлем чемпионы атанды!

Айшаның жеңісі туралы елден сүйінші сұрап жазған Мақпал Жұмабай есімді әлеумет желі қолданушысы. Ол өз парақшасында:

“Дүниенің бір бұрышында қазақтың кішкентай жұлдызы Айша Закирова тариx жасап жатыр. Ол шаxматтан Әлем чемпионы атанды! Жаңа ғана! Жаттықтырушыларымыз Грузиядан xабарласып жатыр. Өткенде ғана балапан туралы жазған едім, міне, тағы да сүйінші жаңалықты өздеріңізге бірінші болып жеткізіп отырмын! Мен өз балам оқып жүргендіктен, бұл шаxмат мектебінің “штаттан тыс баспасөз xатшысымын” өзін өзі сайлап алған. Егер жап-жаңа Чемпионнан сұxбат алғыларыңыз келсе, маған xабарласыңыздар, бәрімен байланыстырып беремін! Біраздан соң марапаттау рәсімі! Суреттер болады.” – деп жазған.

Айша Закирова
Мақпал Жұмабай

Айша Закирова

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

11 пікір

  1. Біздің алтын жұлдызшаларымыз басқа жаққа кетіп қалмасын. Өткенде Тараздың Бибісара деген қызымыз Ресейге кетіп қалғаны бізге ауыр тиген.

  2. Жеңісің Құтты болсын!
    Жеңісті күндерің көп болсын!
    Жəрайсың кішкентай қарындасымыз.

  3. Жарайсың балапан! Аллам тіл көзден сақтасын! Əрқашан биік шыңдардан көріне бере ғой! Ата анаң қуанышқа тоймай жүрсін!

  4. Ой алтын кыз жарайсын казагымнын арбир урпагына женистик тилеймин, шахматистерди озим жаксы коремин

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!