Динара Сәдуақасова

Турнирден түскен қаражат үш жас қазақстандықтың (жетім қалған және ерекше қажеттілігі бар балаларға) жоғары білім алуы үшін жұмсалады. Қаржы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы аударылады.

«Меніңше, Динара мұндай қайырымдылық сеансын ұйымдастырып, өзінің әлеуметтік көзқарасын жеткізді. Ол тек спортшы, чемпион емес, өз елінің азаматы. Шара  оның жеке қасиетінің  ұлылығы, өзгенің басына түскен қайғыға ортақтаса білуінің дәлелі», – Қазақстан Республикасының шахматтан мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Қапаев.

«Қайырымдылық сеансына 25 шахматшы – бизнесмендер, мемлекеттік орган және қоғамдық ұйымның өкілдері қатысады. Біз шақыртуларды тараттық. Басқа да қатысамын деушілер: +7 708 377 3865 және +7 777 999 0344 телефонына хабарласуына, я болмаса info@cisc.kz поштасына хат жазуына болады. Сайысқа түсу үшін 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін қайырымдылық жарна салу керек. Егер қатысушы бұдан да көп беремін десе, біз қарсы болмаймыз», – деді шахматшының менеджері Орат Өтешова.

Сеанс 29 қазанда сағат 15.00-де ҚазМЗУ-де өтеді.

Айта кетейік, әлемнің төрт дүркін чемпионы Динара Сәдуақасова Қазақстанның әйелдер арасында ең жас гроссмейстері (2012 жылы 16 жасында атанды). Ол шахматта ойнауды бес жасында үйренгеніп, он жасында кәсіби айналыса бастаған. Сонымен қатар, 11 жасында музыка мектебінің фортепиано класын үздік дипломмен бітірді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!