Қанат Ислам Патрик Аллотеймен бүгінгі айқасқа дайын

WBA Fedelatin и WBO Intercontinental алтын белдігінен үмітті Қанат Ислам мен Патрик Аллотей бүгін Алматы рингінде күш сынасады. Екі боксшы жан алысып, жан беріспек, деп жазады Хабар 24.kz Дереккөз: 24.kz

Қанат Ислам

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам қазір WBC (Әлемдік бокс кеңесі) рейтингінде 5-орында тұр. Егер Аллотейді жеңсе, рейтингте үздік үштікке енеді. Бірінші орта салмақта «WBA Fedelatin» атағына ие Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан.

Кәсіпқой бокста «Улы жебе» деген лақап атқа ие Патрик Аллотей осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізген. Оның 34-інде қарсыластарынан басым түскен. Оның 24-де қарсыластарын нокаутпен ұтса, 2 жекпе-жегінде ғана қарсыластарына есе жіберген. Cоңғы рет 24 маусым күні шаршы алаңға шығып, отандасы Сани Идананы жеңген. Жекпе-жектерінің барлығын дерлік Ганада өткізген. Үш кездесуі ғана өзге елде өткен.

Қанат қана емес, бүгін Жанқош Тұраров пен Айдар Шәрібаев, Руслан Мырсатаев пен Жұман Жұмабеков те өз өнерлерін паш етеді. Жәнібек Әлімханұлы да кәсіпқой рингтегі тырнақ алды бәсекесін өткізеді. Қарсыласы – беларус Владимир Иванов.

Жәнібек Әлімханұлы, Бокстан әлем чемпионы:

– Өзіміздің елімізде өтіп жатқаннан кейін жанкүйерлерге жарқын жеңіс сыйласақ па деген оймен дайындалып, бұйырса енді көреміз.

Айта кетейік, бүгінгі жекпе-жекті “Қазақстан” ұлттық арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Жекпе-жектің басталу уақыты бүгін кешкі сағат 16:00-де.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!