Ғалымдар Иса Пайғамбардың қабірін ашты (Видео)

National Geografic журналының сайтында Иерусалимде орналасқан Иса пайғамбардың мәйіті жерленген Құдай қабірі храмында ғалымдар археологиялық зерттеу жүргізу мақсатында киелі қабірдің бетіндегі мәрмәр тақтасын ашты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Дереккөз: Baq.kz
2
Иса Пайғамбардың қабірі

Мәрмәр тақта 1555 жылы орнатылған. Оның астынан тастан қашалған бірнеше тарихи материалдар табылды. Ұлттық географиялық қауымдастықтың ғалымы Фредрик Гиберт “Арнайы жүргізілетін бірқатар ғылыми зерттеулерден кейін Иса пайғамбардың мәйіті жерленген қабірдің бетін жапқан өз тасының кейпі қандай болғанын анықтауға болады” дейді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

2 пікір

  1. «Ол кәпірлер: «Біз Алланың елшісі Мәрямұлы Иса Мәсіхті (ғ.с.) расында да өлтірдік», – деп айтқаны үшін (Алла оларға қаһарын төгіп, жүректерін мөрлеп тастады). Алайда олар оны (ғ.с.) өлтіре де алмады, айқышқа керіп аса да алмады. Бірақ олардың көзіне солай көрінді (негізінен өлтірілген басқа біреу еді). Расында Иса (ғ.с.) жайлы сөз таластырғандардың да бұл мәселеде күмәндары бар. Олар бұл мәселені нақты білмейді, тек жорамалға сүйенеді. Шүбәсіз, олар оны (ғ.с.) өлтіре алмады. Керісінше, Алла оны (ғ.с.) Өз құзырына көтеріп әкетті. Алла аса үстем, асқан дана. Кітап иелерінің қайсыбірі болмасын өлместен бұрын оған (ғ.с.) (лайықты түрде) иман келтіреді. (Алайда жан алқымға келгенде айтылған бұл иманның оларға пайдасы болмайды, өйткені) Иса (ғ.с.) қиямет күні оларға қарсы куәгер болады» («Ниса» сүресі, 157-159-аяттар).

Пікір қосу