Руслан Күлекбаевтың соттағы соңғы сөзі

Кеше Алматыдағы ЛА-155/18 тергеу абақтысында Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты ашық сот талқылауының төртінші күні өтті. Бұған дейін Алматы қаласы прокурорының орынбасары Жарқынбек Бақашбаев Күлекбаевқа өлім жазасын сұраған болатын, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. Дереккөз: ҚазАқпарат

Руслан Күлекбаев

Сот талқылауының 4-ші күніндегі жарыссөзде сөз сөйлеген Күлекбаев қандай жазаға болсын көнетінін айтты.

«Мен не үшін жасағанымды айтайын? Жасаған ісімді мойындаймын. Мен бұл қылмысты, сіздер аға-бауырларыңыз, балаларыңыз қаза тапқанын айтып отырсыздар ғой. Олар да менің «сестраларымды», «бауырларымды» Аллаһтың заңынсыз қинаған, әділетсіз соттап, семьясынан бөліп тастады. Мен сол себептен осыны жасадым», деді Күлекбаев.

Күлекбаев өз сөзінде діни уағыз айта бастап еді Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов оны тоқтатып тастады.

«Маған қандай жаза қолданып жатыр, өлім жазасы болсын, мәңгілік отырғызу жазасы болсын иншаллаһ сабыр етемін. Маған қолданған заң әсер етпейді. Аллаһ жаратқан шыбын шақса әсер етеді, қалғаны сөз», – деді ол.

Еске сала кетейік, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. 26 жастағы Руслан Күлекбаевқа теракті жасады, күш құрылымдарының сегіз қызметкері мен екі бейбіт тұрғынды өлтірді және үш адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!