Ирандық Хоссейн Тайеби “Қайрат” футбол құрамасына ауысты

"Қайрат" футбол құрамасы тағы бір шетелдік ойыншыға толықты. Футзалдан Иран құрамасының шабуылшысы Хоссейн Тайеби енді алматылық клубта өнер көрсетеді.

Дереккөз: afckairat.kz
0
Хоссейн Тайеби

“Мен “Қайрат” командасымен келісімшарт жасасқаныма қуаныштымын. Себебі, “Қайрат” командасы – әлемдегі үздік команда. Ол тек жоғары нәтижелерді көрсету үшін күреседі. Мен осы команданың мүшесі болғаныма қуанамын!”, – деді Хоссейн Тайеби баспасөз клубына берген сұхбатында.

Хоссейн Тайебимен келісімшарт “1+1” сызбасы бойынша жасалған. Ол жуырда медициналық тексерістерден өтті, енді алматылық команданың құрамында жаттығу жұмыстарын бастайды.

Еске сала кетейік, Тайеби осы уақытқа дейін ирандық құрамада 75 матч өткізіп, 66 гол салған екен.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу