Әскери қызметшілерге жаңа пәтер берілді

2016 жылдың 26 қазанында 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

0
жаңа пәтер жаңа үй
Көрнекі сурет

Жаңадан салынған 2 қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй әскери қалашықтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде тұрғызылды. Пәтерлерде әскери қызметшілер мен олардың отбасылары жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған: жиһазбен жабдықталған, сантехника орнатылған, балалар алаңқайы мен автомобиль тұрағы бар.

«Бүгін біз үшін қуанышты күн. Біз көптен күткен пәтердің кілтіне ие болдық. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымыз жыл сайын жақсарып келеді. Бұл Жоғарғы Қолбасшымыз, Қорғаныс министрінің еңбегі екенін атап өткім келеді. Әскери қызметшілеріміз еш нәрсеге алаңдамай қызметтерін атқаратын болды. Себебі, пәтерлерде барлық жағдай жасалған», – деп 68665 ә/б взвод командирі аға лейтенант Әсет Әбілқасов атап өтті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу