Қазақстанда мереке күндері қар жауып, боран болады

Мереке күндері – 16-17 желтоқсанда Қазақстанда қар жауып, боран соғады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Дереккөз: stan.kz

0
Қазгидромет

«Моңғолиядағы қуатты антициклон демалыс күндері республиканың басым облысында ауа райының жауын-шашынсыз болуына ықпал етті. Оңтүстік аймақтарды ескермегенде, температура нормадан 3-9º жоғары болды. Оңтүстік өңірлерде температура нормадан 1-3º төмен болды. Алдағы тәуліктерде антициклонның ықпалы сақталады»,- делінген хабарламада.

«Қазгидромет» ақпаратынша, Поволжьеде пайда болған циклон Қазақстан арқылы солтүстік-шығысқа қарай ығысады. Осылайша алдымен батыста, кейін мереке күндері – 16-17 желтоқсанда қалған аймақтарда қар жауады, көктайғақ, боран соғып, жел жылдамдығы кей жерлерде 15-25 м/с дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы бұрынғыдай  0º шамасында болады, бұл аталған мерзім үшін көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!