Қазақстанның басым бөлігінде қар күтіледі

25 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде қар күтіледі, тек республиканың батысында және оңтүстігінде күн ашық болады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Дереккөз: ҚазАқпарат

Ауа райы боран

Кей жерлерде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, солтүстік-шығыста және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, таңертең жөне күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20  м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында түнде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.  Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, түнде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!