Қайрат Нұртас Қызылордада өнер мектебін ашты

Қайрат Нұртас Қызылорда қаласында өзінің өнер мектебін ашты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
1
Қайрат Нұртас Өнер мектебі

Бұл туралы әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбек Инстаграмда жазуда. Продюсер әлеуметтік желіде салтанатты ашылу рәсіміндегі фото және видеолармен бөлісуде.

Қайрат Нұртас Өнер мектебі

Қайрат Нұртастың өнер мектебінде балаларға эстрадалық вокал, хореография, саз аспаптары, актерлік шеберлік бағыттары бойынша сабақтар беріледі. Білім ошағында танымал әншілер мен актерлар шеберлік сабақтар өткізіп тұрады деп күтілуде. Ал үлгілі оқушы жыл соңында Қайратпен әнші шырқайтын болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

Пікір қосу