Қазақстандықтар жыл басынан интернетке 150 млрд теңге жұмсаған

Ranking.kz сарапшылары қазақстандықтар осы жылдың үш тоқсанында интернетке қанша ақша жұмсағанын есептеді. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды. Дереккөз: Baq.kz

интернет
©azinet.ru

Интернет провайдерлер қаңтар-қыркүйекте қазақстандықтарға 151, 9 миллиард теңгеге (өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 7,5 миллиард теңге көп) қызмет көрсеткен.

Бұл ретте абоненттер санының 2,23 миллионға немесе 5,7 пайызға артып, 12,1 мыңға жеткенін атап өткен жөн.

Олардың 99,7 пайызы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетті пайдаланады. Салыстырмалы түрде алсақ, 2011 жылдың қыркүйегінде жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік 91,7 пайыз болған. Олардың саны небәрі 1,06 миллион абонентті құрайды.

Интернетті пайдаланушылар саны Алматыда жыл сайын 50,1 мыңға, Алматы облысында 18,8 мыңға, Астанада 17,3 мың адамға көбейіп отырады.

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің мәлімдеуінше: «Қазіргі кезде статистика бойынша орташа үй шаруашылығы интернетпен салыстарғанда теледидарды аздау қосып жүр. Егер де теледидарды аптасына орташа алғанда 5 сағат көрсе, интернетте отыратын уақыт 12 сағаттан асып түседі»,-дейді.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу