Оңтүстіктен 700-ден астам отбасы қоныс аудармақ – СҚО

«Серпін» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден 700-ден астам отбасы көшіп келмек. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Серпін бағдарламасы
Көрнекі сурет

Бұл туралы Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мәлім етті.

«Серпін» бағдарламасымен бізде 600-ден астам бала университеттерде, 400-ден астамы колледждерде оқып жатыр. Бұл жұмыс жақсы жүріп жатыр. Олардың тәртібі мен білімдерін тәрбие ісі жөніндегі басшылықтары, білім басқармалары барып, біліп отырады. Өзім де барып, көңілдерін біліп кездестім. Өзіміздің ойымыз – балалар осы жаққа келгеннен кейін, осында қалса. Бүгінгі таңда 700 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келуге ниет танытуда. Әрине, қоныс аударған адамға оңай емес, қиыншылықтар да болады. Бірақ аудан әкімдері барлығын бақылауда ұстап отыр», – деді Айдарбек Сапаров.

Қазіргі уақытта СҚО-ға 127 отбасы көшіп келді. Әкім орынбасарының айтуынша, аймақта оңтүстік өңірлермен жұмыс тығыз жүріп жатыр.

Айта кетейік, «Серпін» бағдарламасы 2014 жылдан бері жұмыс істеуде. Оның мақсаты – мамандарға зәру солтүстік, шығыс және батыс өңірлеріне оңтүстік (ОҚО, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстары) жастарын көшіру, оларды оқыту және жұмысқа орналастыр

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу