Теракті туралы әзілдеймін деп, екі жылға сотталды

Рудный қалалық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес (террозим туралы жалған ақпарат таратқаны үшін) 23 жастағы Ерлан Ақмырзаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BNews.kz Дереккөз: Bnews.kz

Терроризмнің алдын алу
ҚазАқпарат

Сотталған азамат лифтке маркермен: «Сіздер 5 қыркүйекте өлесіңдер», «бүгін үйіңізде бомба жарылады» деп жазған.

Мұндай хабарламаны көрген Ленин көшесі, №70 үй тұрғындары 4 қыркүйек сағат 22:00-ден 5 қыркүйек 17:00-ге дейін үйден шығарылды. Олар қорқып, бір тәулік үйіне кіре алмады, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот Ерлан Ақмырзаевты екі жыл бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді деген үкім шығарды. Бұдан басқа, сотталған азамат үш миллион теңге шамасында хабарламаны тексеруге шыққан қызметкерлердің материалдық шығындарын өтеу керек.

Еске сала кетейік, ҚР Қылмыстық кодексіне жаңа өзгерістер мен толықтырулар жасалып, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Кодекс тұжырымдарына сәйкес, қоғамға зиян келтіру қатерін туғызатын іс-әрекет, қылмыс саналатын – экстремизм мен терроризм әрекеттері үшін де жауапкершілік күшейтілді. Жаңадан қабылданған заңнама бойынша Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау 273-бап болып өзгертіліп, шара ретінде алты жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады деп көрсетілген. Яғни, күшін жойған Кодекстегі «екі жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге әкеп соғады» деген бөлімдер алынып тасталды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!