«Медеу» мұз айдынының қысқы маусым ашылады

22 қазан күні сағат 10.00-де «Медеу» мұз айдынында қысқы маусымның ашылуы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дереккөз: ҚазАқпарат

Алматы Медеу

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада дирекциясының мәліметінше, Универсиадаға 100 күн қалуына орай Медеуде салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылады.

Шара барысында ди-джейлер мен танымал кавер топтардың қатысуымен ойын-сауық концерттік бағдарлама өтеді. Универсиаданың бойтұмары саналатын «Сұңқар» құсының балапаны мұз айдынына келген қонақтардың көңіл-күйін аулайтын болады. Сондай-ақ, түрлі конкурстар ұйымдастырылып, қонақтар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!