Головкин Джейкобспен жекпе-жек күнінен ресми түрде бас тартты

Головкин Джейкобспен жұдырықтасатын 10 желтоқсан күнінен ресми түрде бас тартты, деп жазды Sports.kz Дереккөз: Sports.kz

Геннадий Головкин Дэниэл Джейкобс

Орта салмақтағы WBA, IBF, IBO және WBC чемпионы Геннадий Головкин WBA тұрақты чемпионы Дэниел Джейкобспен кезедсетін 10 желтоқсан мерзімінен ресми түрде бас тартты.

Бос күнді сол мезетте-ақ бірінші жартылай орта салмақтағы WBC және WBO бойынша әлем чемпионы Теренс Кроуфордтың промоутері өздеріне алды. Әзірге Теренс Кроуфордтың қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Осылайша,  Головкин мен Джейкобс кездесуі 2017 жылы ақпан немесе наурыз айларында өтуі мүмкін.

Сондай-ақ орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль “Канело” Альварес  те 2017 жылы Геннадий Головкинмен және Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуды жоспарлап отыр. Мексикалық боксшы орта салмақта жекпе-жекті биыл желтоқсанда өткізуді жоспарлаған, бірақ оған жарақаты кедергі болды. Сондерспен Альварес 2017 жылдың мамырында, ал Головкинмен қыркүйекте кездескісі келеді екен.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!