Лаңкестік пен мұсылманның арасында теңдік жоқ – Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «CNBC Arabia» телеарнасына берген сұхбатында Сириядағы дағдарысты шешу жолдарын айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Назарбаев

Сұхбат барысында телеарнасы тілшісі ҚР Президентінен: «Өзіңіз атап өткендей, Сирия мәселесі өте күрделі. Әлі шешімін тапқан жоқ. Сіздің ойыңызша, Сириядағы дағдарыс жақын арада өз шешімін таба ма, әлде ұзаққа созыла ма?» – деп сұрады.

Бұл сауалға орай Мемлекет басшысы Сирия дағдарысын шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттер келісіп, бір жерден сөз шығару қажеттігін, сол арқылы ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болатынын баса айтты.

«Әсіресе, араласып жатқан үлкен мемлекеттер. Өкінішке орай, әрқайсысы өздерінің мүддесін қалап, әр түрлі жағдаймен кіріседі. Әрқайсысының ішінде өз мүддесі бар. Лаңкестікке қатысып жүрген адамдар соны қолданады. Біріне бірін қарсы қояды. Сол қайшылықтан өздеріне орын табады. Сондықтан, менің ұсынысым – БҰҰ аясында бүкіл дүниежүзілік қоғамдастық бірлесіп лаңкестікке қарсы тұрып, Сирияның мәселесін шешуі керек. Басқа жол жоқ деп санаймын. Себебі, бұл барлық мемлекеттерге қауіп. Бізді білмейтін басқа дүние, Батыс елдері мұның барлығы мұсылмандардан шығып отыр деп ойлайды. Лаңкестік пен мұсылманның арасында ешқандай да теңдік жоқ. Барлық елдер бірігіп қарсы шықса оны жеңуге болады»,- деді Назарбаев.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу