Олимпиада чемпионы Баландин Ақтөбе қаласына келді

Ақтөбеге қатардағы жарыстардың біріне қатысуға келген жүзуден Рио олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин өзін қарсы алған жұртшылықты көріп таңданысын жасыра алмады.

Дереккөз: Atobenews
0
Дмитрий Баландин

Бүгін ақтөбеліктер Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландинді әуежайдан күтіп алды. Әуежайға облыстық спорт басшылығы келіп, спортшыға құрмет көрсетті. Спортшы қарсы алушыларға өзінің ілтипатын білдіріп, болашақ жоспарларымен бөлісті.

— Сіздердің құрметтеріңізге рахмет. Чемпион болу үшін барымды салуға тырыстым. Спорт –ол үлкен еңбек. Қазақстаннан сорттың жүзу түрінен әлі де чемпиондар шығатынына сенемін,-дейді Дмитрий Баландин.

Әуежайға Дмитрийдің суретімен келген жасөспірімдер оны есіктің алдынан ұзатпай қолтаңба алды. Спортшы болуды армандаған ақтөбеліктер чемпионды жібермей,  естелік суретке түсіп қалуға тырысты.

Баландин ертең «Достық» су спорты орталығында өтетін жүзуден ҚР кубогіне қатысады.

Естеріңізге сала кетсек, Дмитрий Баландин Қазақстан құрамасына екінші алтынды әкеліп РИО олимпиадасының чемпионы атанған болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz