Қазақстанның төрт облысында күн күрт суытады

Қазақстанның оңтүстігіндегі бірқатар өңірлерде аяз түсіп, күн суытады. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Суық, қар, аяз

«19-20 қазанда түнде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы -1-6, кей жерлерде -9 градусқа дейін төмендеуі күтіледі», — делінген хабарламада.

Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп хабарлайды 24.kz. Астана қаласында да жел күшейеді. Еліміздің 4 аймағында осындай ескерту жарияланды.

Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл, Алматы облыстарында да қазанның 19-на қараған түні жел күшейеді. Бұл өңірлерде солтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, жол көктайғаққа айналуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Синоптиктер соңғы 100 жылда болмаған суық келе жатқанын ескерткен болатынбыз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz