Олимпиада чемпиондары неге медальдарын тістейді?

Олимпиада чемпиондарының медальдарын тістеп түскен суреттерін талай рет көрген шығарсыз. Сонда "Неге тістейді?" деген сұрақ ойыңызға келді ме? SZH.kz редакциясы сол сұраққа жауап іздеп көрді.

Дереккөз: Adme
0

 

1991 жылғы олимпиада чемпиондары
Медальды тістеп суретке түсу 1991 жылғы олимпиададан басталған, ©karday

Чемпиондарға медаль тістеп суретке түсіруді үйреткен фотографтар болып шықты. Олар бірқалыпты суреттер түсіре беруден жалығып, спортшыларға жүлдесінің сапасын тексеріп, тістеп тұрған түр жасауын сұраған.

Содан суретке осылай түсу дәстүрге айналған.

Бұрындары алтынның сапасын тістеп тексерген екен. Нағыз алтын жұмсақ болғандықтан, онда тістің ізі қалуы керек.

Дмитрий Баландин
Рио олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин

Олимпиаданың алтын жүлделері шамамен 93% күмістен тұрады.

Алтын медальдардың тек 1,2%-ы ғана таза алтыннан тұрады. Осындай алтын жалатылған жүлделер спортшыларға 1912 жылдан бастап беріліп келеді.

Алайда, медальды тістеу қауіпті болуы мүмкін.

Мысалы, 2010 жылы өткен Қысқы олимпиадада алған жүлдесін тістеймін деп, Дэвид Мюллер есімді спортшы тісін сындырып алған.

Дэвид Мюллер
2010 жылғы Қысқы олимпиаданың күміс жүлдегері Дэвид Мюллер

Сондықтан кейбір чемпиондар жүлдесін сүюді әдетке айналдырды.

Светлана Подобедова
Лондон олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова

Бұл олардың Олимпиада мен спорт түріне деген махаббаты мен құрметін білдіреді.

Серік Сапиев
Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сапиев

Жүлде толығымен алтыннан құйылмаса да, оны алуға кеткен күш пен төгілден тердің өтемі алтыннан да қымбат екені сөзсіз.

Данияр Елеусінов
Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов
Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz