Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне арнайы смартфон шығарылды

Англияның жоғары класты ұялы телефондар өндіретін Vertu компаниясы Қазақстанға арнайы смартфондар шығарды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Дереккөз: baq.kz
1
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған смартфон

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арнайы жасалған топтама бес данадан тұрады.

Жаңа телефонның артқы панеліне Қазақстанның мемлекеттік символдары – күн мен оның астында қалықтаған қыран ойып салынған. Күннің ортасында «25» саны бейнелген, ал оның астында «Anniversary of Kazakhstan» деген жазу бар. Тігістеріне де еліміздің туындағы көк және сары түстер қолданылған екен.

First Media Group компаниясының мәліметінше, телефон жоғалған жағдайда бұғаттауға, оны табуға, жеке мәліметтерді өшіруге болады.

Смартфон қанша тұратыны әзірге белгісіз. Мысал үшін айтсақ, смартфондар нарығына еніп үлгерген Apple iPhone 7 Plus елімізде 650 000 теңге тұрады. Эксклюзивті Vertu одан бірнеше есе қымбат болатыны сөзсіз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
нурик

Ассалаумағалейкүм мына телефонды тəуелсіддікке көрімдік еттіп шығарса кішкене ел риза болатын етіп бағасын түсірсе еді себебі елдің бəрі алса тəуелсіз елде өмір сүретіні жəне соны мақтан тұтар еді

wpDiscuz