Алматыда «Tech Garden Fair» технологиялық фестивалі өтті

Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды шара «Инновациялық технологиялар паркінің» 10 жылдығына арналған «Tech Garden Fair» технологиялық фестивалі өтті. Онда үздік жобалар таныстырылды.

0
Tech Garden Fair технологиялық фестиваль

Іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министірлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры өткізді. Фестивальдің ашылу рәсімінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов сөз сөйледі. Ол қатысушыларға, сонымен қатар, шараның әріптестері мен ұйымдастырушы Almaty Tech Garden-ге алғысын білдірді. Оның айтуынша, Tech Garden Fair жас инноваторлармен қоса, түгел қоғам үшін аса маңызды уақиға болып табылады. Жас инноваторлардың әлеуетін жүзеге асырудағы фестивальдің рөлін жоғары бағалады. Оның айтуынша, осындай жобалардың ең үздіктері Алматы қоғамдық өмірінің барлық бағыттарын жақсартуға мүмкіндік береді.

Almaty Tech Garden бас директоры Санжар Кеттебеков:

— Біз тау-кен мен мұнай саласында жаңа жетістіктерге жетуді көздеп отырмыз. Полимер мен ұнтақты 3D баспаға қолданамыз. Бұл машина жасау саласының дамуына оң ықпал етеді деп сенеміз.

Іс-шараның негізігі уақиғасы ретінде жас ғалымдар, әзірлеушілер мен стартаптарға арналған Tech Garden Cup және Startup Day атты әдейі технологиялық байқаулар өтті. Онда қатысушылар нарық көшбасшыларының нақты мәселелеріне өз шешімдерін ұсынды.

Барлығын санағанда, фестивальге қатысушылардан 500-дей сұраным қарастырылды. Байқау әріптестері ФинТех, Индустрия 4.0, Ақылды орта тәрізді бағыттар бойынша 60-тан аса технологиялық мәселелерін ұсынды. Технологиялық байқаулардың нәтижесімен бірнеше бағыттар бойынша 30-ға жуық жеңімпаздар мен финалисттер анықталды. Олар маселелерді ұсынған шара әріптестерінің арнайы сыйлықтарына ие болып, Almaty Tech Garden негізінде Орта Азиядағы ең үздік акселерация барысында өз жобаларын жетілдіріп, жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Ал ең озық жоба Кремний алқабына жіберілмек.

Almaty Tech Garden іс-шарасы Алматыны қадірлеу, мақтан тұту, 1000 жылдық тарихына үңіліп, болашаққа бастар жолда Тәуелсіздіктің алтын бесігі — Алматыны көркейту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz