Рамзан Кадыров нашақорларға ату жазасын бұйырды

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров жергілікті басшылар, шенеуніктер және дінбасыларымен кездесу барысында, жүргізуші мас күйінде немесе есірткі пайдаланған күйінде көлік жүргізсе, ату жазасын қолдануды ұсынды. Бұл туралы kavkasia.net жазды.

Дереккөз: kavkasia.net
0
Рамзан Кадыров

«Шешен Республикасында тыныштықты бұзған адамдарды көрген сәтте ату керек. Заң ба, заң емес пе — маңызы жоқ. Ату керек! Түсіндіңдер ме? Ассаламағлейкум және мәселе бітті! Заң деген осы!», — деп қатаң бұйрық берді Рамзан Кадыров.

Кездесу қазан айының басында өтті. Онда «таблеткалы» есірткі мен жол апатының жоғары деңгейі мәселесі қарасытырылды. Рамзан Кадыров көлікті мас және есірткі пайдаланған күйінде айдаған жүргізушілерді «минаны беліне байлап алғандарға» теңеді.

2015 жылы Шешенстан басшысы осы мәселеге қатысты заң бұзғандардың жүргізуші куәлігімен қатар, көлігін тәркілеуді бұйырған. Заң күшіне енген күні мыңға жуық көлік жүргізушісі ұсталған.

Дегенмен, ату туралы бұйрықтан айтарлықтай нәтиже шықпаған. ЖПП күнделікті тексеріс жүргізбегенімен, нашақорларға ату жазасы тағайындалған жоқ. Тек екі күнің ішінде 700 адам ұсталғаны хабарланған.

Бұл кездесу өткеннен кейін осы тақырыпқа қатысты жергілікті «Грозный» телеканалы арнайы сюжет түсірген.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz