«Күлекбаев ісі» бойынша негізгі сот 24 қазанда өткізіледі

Алматыдағы теракт бойынша алдын ала сот отырысы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша жаңа СИ-8 (ЛА-155/18 мекемесі) изоляторында өтті. Бұл туралы azattyq.org тілшісі хабарлайды.

Дереккөз: azattyq.org
0
Руслан Күлекбаев

Алматыдағы теракт бойынша алдын ала сот отырысы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша жаңа СИ-8 (ЛА-155/18 мекемесі) изоляторында өтті. Судья Ербол Болатов шабуылға басты айыпталушы, 26 жастағы Руслан Күлекбаевқа қатысты істі ашық түрде өткізді.

Еске сала кетейік, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Руслан Күлекбаевқа теракті жасады, күш құрылымдарының сегіз қызметкері мен екі бейбіт тұрғынды өлтірді және үш адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылған. Бұл іс бойынша Күлекбаевтың серігі делінген өзге бес сотталушы — Роберт Лю, Жасұлан Сапарбеков, Ербол Құсайынов, Дәурен Әсембекұлы және Нұрсұлтан Әбдімомынға қарақшылық шабуыл жасады, ұрлық жасады және заңсыз қару-жарақ сақтады деген айыптар тағылған.

Қазір Күлекбаев пен төрт айыпталушы СИ-8 тергеу изоляторында қамауда отыр.

Сотталушы Әбдімомын ешқайда шықпау туралы қолхатпен бостандықта жүр. Қамаудағы бес адамды сотқа айдауылмен алып келді, Әбдімомын өз еркімен келді. Сотқа 23 адам жәбірленуші, 72 адам куәгер ретінде тартылмақ. Сотталушылар құқығын 6 адвокат қорғайды.

Судья соттың негізгі тыңдауын 24 қазанға белгіледі. Ербол Болатов сот процесі күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін болатынын айтты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz