Жанар-жағар май стансасында алданбау үшін не істеу керек?

Жақында желіде бензиннің орнына «ауа» құйып жатқан жанар-жағармай құю стансасы туралы видео жарияланып, көпшіліктің наразын аударған еді. Бұл Астанадағы «Гелиос» ЖШС-ға тиесілі стнасасы болатын. Осы оқиғадан кейін ҚазАқпарат тілшісі Автомобильшілер қоғамдық одағының төрағасы Жан Ботановты сөзге тартты.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0

«Жанар-жағармай құю станса қызметкерлерінің алаяқтыққа барғаны айдан анық. Бұған компанияның қатысы бар деп ойламаймын. Айланы жанар-жағармай құюшысы мен кассир жүзеге асырған (…) Мұндай қулар әрбір жанар-жағармай құю стансасында бар шығар», — деді Жан Ботанов бұл жағдай туралы.

Ботановтың айтуынша, алаяқтықтың бұндай әдісі бұрыннан бар. Станса қызметкерлері жанар-жағар майды алдын ала құйып алып, орнын осындай айламен толтырады. «Жанар-жағармай құю стансаларының иелері мұндай алаяқтықпен айналыспайды»,-дейді ол,- «Олар тек сапасыз жанар-жағар май сатып алу сияқты айлаға баруы мүмкін».

Автомобильшілер қоғамдық одағының төрағасы мұндай қулардың арбауына түспес үшін не істеу керек екенін айтты.

«Санды соғып қалмас үшін өлшеуіші бар канистраға жанар-жағар майды құюға болады. Канистрада  10 литр болып, сізден 11 литрдің ақшасын алса, онша чекті сақтап, барлығын видеоға түсіріп,  полиция шақыртыңыз. Алаяқтық фактісі бойынша арыз жазу керек», — деді Жан Ботанов. — «Танымайтын жанар-жағар май құю стансасының қызметімен пайдаланбаған жөн. Әдетте жанар-жағар май құйып жүрген стансаға жететіндей мөлшерде бензин құйып өлшейтін жабдығына сенім бар стансаға дейін жеткен дұрыс», — деп қосты ол.

«Гелиос» ЖМҚС осы уақытқа дейін тағы бір дауға іліккен болатын. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті сапасыз бензин сатып келген жанар-жағармай стансаларының тізімін жариялаған еді. Оның ішінде елімізде кеңінен тараған ҚМГ, SINOOIL,Газпромнефть стансаларымен бірге  «Гелиос» та болды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz