Қазақстанда істен шыққан тұрмыстық техника қабылдана бастайды

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтардың кейбір түрлерін жинау мен қайта өңдеуді компенсациялау механизмін енгізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ЭМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дереккөз: tengrinews.kz
0
Ескі техника

Жобаны іске асыру үшін 2016 жылы «ӨКМ Операторы» ЖШС-на бөлінген жалпы ақша сомасы — 1 миллиард 250 мың теңге.

Қазіргі кезде ЖШС ӨКМ Операторы ҚР Энергетика министрлігі және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе жобаны іске асыру шарттарын пысықтап жатыр, оған сәйкес аталған ҚТҚ тізімін жинау және қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар ақшалай өтемақы алатын болады.

Бағдарламаға қатысудың міндетті шарты жинауды, қайта өңдеуді және/ немесе кәдеге жаратуды жүзеге асыру үшін қуатынын болуы болып табылады. Жобаға қатысуға үміткерлер ҚР аумағында өзінің қызметін жүзеге асыруға міндетті, кәсіпорындар экологиялық нормаға және технологиялық стандарттарға сәйкес болуы тиіс.

Аталған іс-шараны іске асыру үшін жұмыс тобының шешімі бойынша ӨКМ таралатын тауарлардың тізімі кеңейтіледі. Атап айтқанда, тізімге төмендегілер енгізіледі: құты, электр, электрондық жабдықтар (люминесцентті және сынапты шамдарды, сондай-ақ батареяларды қоса алғанда). Бұл ретте кәдеге жарату алымы тауардың белгіленген түрлерін өндірушілерден және импорттаушылардан кәдеге жарату инфрақұрылымы қалыптасқанға дейін алынбайды. 2016-2017 жылдары ішінде кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі «0» теңгені құрайды.

«Бағдарламаның артықшылықтарына төмендегілер жатады: батареялар, электр және электрондық жабдықтар секілді қауіпті қалдықтардың полигондарға тиюін болдырмау, ҚТҚ көмудің көлемін азайту, экологиялық әл-ауқатты жақсарту, тауар өндірушілерді қайталама шикізатпен қамтамасыз ету. Бұдан басқа, әзірлеушілер жобаны іске асыру жаңа қуатты жасау және Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдейтін салаларды алдағы уақытта дамыту саласында шағын және орта бизнесті қолдауға мүмкіндік береді деп есептейді», — делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар жоба аясында жұмыс тобы Қазақстанның ірі қалаларында қалдықтардың аталған түрлерін бөлек жинауды енгізуді ұсынды. Бұл мақсатқа «ӨКМ Операторы» ЖШС тұтас және желілік люминесцентті шамдарды, сынапты термометрді, сондай-ақ батареяларды жинау үшін 500-ге жуық контейнерлер сатып алуды жоспарлап отыр екен.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz