Мемлекеттік қызметкерлер жалақысын балдық жүйемен алатын болады

2018 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын төлеу жүйесі өзгереді. Бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы дөңгелек үстелде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Дереккөз: baq.kz
0
Мемлкеттік қызмет

Енді мемлекеттік қызметкерлер жалақысын істеген жұмысына байланысты балдық меже бойынша алатын болады. Айгүл Шайымованың айтуы бойынша, 2018 жылы факторлы-балдық меже енгізіледі.

«Бұл жүйенің қолданыстағы тарифтік кестеден айырмашылығы факторлы-балдық жүйеде орындалатын қызметтің ауқымын, жауапкершілігі және күрделілігі ескеріледі. Істеген жұмысына байланысты балл қойылып, төлем жасалатын болады», – дейді А. Шайымова.

 

Қазіргі кезде жауапкершілікті арттыру үшін және жұмыс нәтижесіне байланысты тиімділікті бағалау жүйесі енгізілген.

«Мысалы, «А» корпусындағы мемлекеттік қызметкердің жұмысын бағалау жыл сайынғы келісімшартқа негізделген. Бұл корпустағы қызметкерлердің еңбегін бағалау осы жылдың желтоқсан айында жүргізіледі деп күтілуде. Ал «Б» корпусы мемлекеттік қызметкерінің жұмысы жеке жоспар көрсеткіштері жетістіктерінің негізінде әрбір тоқсан сайын бағаланатын болады. Биылғы жылы екі аралық бақылау жүзеге асырылды. Тиісінше, белгілі бір нәтижелер бар», – дейді агенттік төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, осындай бағалауда 64,5 мың қызметкер өткен екен. Бұл ретте мемлекеттік қызметкерлердің 63 пайызы «өте жақсы», 11 пайызы «жақсы» және 26 пайызы «қанағаттанарлық» деген баға алған.

Жаңа жүйеге көшу 2017 жылдың орта кезінде аяқталады.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz