Алматы қаласының 2016 жылғы бюджеті 361,9 млрд теңгені құрайды

10 желтоқсан күні мәслихаттың кезектен тыс 37 сессиясында Алматының 2016 жылға арналған бюджеті 361 млрд 897 млн 580 мың теңге көлемінде бекітілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

0
Алматы қаласы

Бюджеттік алымдарды қоса есептегенде Алматы қаласының нақтылы бюджетінің жалпы көлемі 264 млрд. 213 млн 572 мың теңгені құрайды.

2016 жылы жергілікті бюджет шығындары, республикалық бюджеттің мақсатты трансферттерін есептемегенде 253 млрд 374 млн 499 мың теңгені құрайды, оның ішінде: ағымдағы шығындар — 132 млрд 113 млн 495 мың, жергілікті атқару органының резерві — 2 млрд 340 млн 966 мың, бюджеттік алым — 97 млрд 684 млн 008 мың, даму бюджеті — 11 млрд 012 млн 030 мың, жергілікті бюджет есебінен бюджеттік дамудың мақсатты транферттерін қаржыландыру шамамен 10,2 млрд теңге.

Бюджетті дамытудың жергілікті бюджет есебінен мақсатты трансферттерді қаржыландыруға шамамен 10,2 млрд. теңге бөлінбек. Қала әкімі Бауыржан Байбек экономикалық ахуалдың қиындығына қарамастан шығындарды оңтайландыру әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай жүзеге асыруға ықпал ететінін айтты.

«Шығындардың 50% астамы қалалықтардың өткір әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмсалатын болады, олар- білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау. Сонымен қатар, 146 млрд теңгені біз орталықтан трансферт ретінде аламыз», — деп атап өтті әкім.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу