2020 жылы Алматыдағы көлік инфрақұрылымы қалай өзгереді?

Алматыда Рысқұлов-Сайын, Солтүстік айналма жол-Бөкейханов, Рысқұлов-Емцов, Рысқұлов-Құлжа тас жолы, әл-Фараби-Ремизовка көшелерінің қиылысындағы айналма жолдардың құрылысын 2020 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Осы арқылы әл-Фараби, Рысқұлов, Сайын және шығыс айналма жолдарындағы көлік кептелісін азайту көзделіп отыр.

Дереккөз: almatydc.kz
0
Көлік жолдары
Көлік жолдары Алматы
Бағасы — 13,8 млрд теңге
Аяқталуы — 2016 жылдың қыркүйегі
Нәтижесі: Рысқұлов, Сайын, Ахрименко көшелеріндегі көлік саны 20%-ға азайды.

Қала ішіндегі көлік қозғалысын азайту үшін Алматының үлкен айналма жолын салу жоспарланып отыр. Құрылысы 2017 жылы басталады. Осы мақсатта қала сыртындағы автокөліктерге арнап 15 мың орны бар вокзалдар тұрғызылмақ. Олар Алматының шығыс, батыс және солтүстік бөлімдерінде болады.

Жол құрылылысы Алматы

Шеткі аймақтарды қала орталығымен байланыстыратын жолдарды реттеу үшін келесі жол-құрылыс жұмыстары жоспарланып отыр:

  • Фурманов көшесінен Жансүгіров көшесіне өтетін жолдар жасау. Құрылысы 2017 жылы басталады;
  • Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне шығу үшін Сайын көшесі арқылы қозғалыс бағытын қосу. Жобаның сметалық құжаттары жасақталып жатыр;
  • Момышұлы көшесінен Әуезов көшесі арқылы Қалқаман ықшам ауданына дейін Абай көшесі арқылы шығаратын жолдар. Жоба 2018 жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, Сарыарқа мен Достық метростанцияларының құрылысы жүріп жатыр. Олар 2019-2020 жылдары аяқталады деп жоспарланған. Бұл күніне 90 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz