Криштиану Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді

2017 жылғы Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше спортшы енді деп хабарлайды, Guinness World Records.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Криштиану Роналду
ФОТО: ©VALERY HACHE/AFP

«Реал» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду, «Арсенал» командасының қақпашысы Петр Чех, «Эвертон» командасының жартылай қорғаушысы Гарет Бэрри және Англия чемпионы «Лестер Сити» Гиннестің рекордтар кітабының жаңа басылымына енді.

Түрлі жетістіктері үшін мадридтік «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду, «Лестер» ағылшын футбол клубы, «Арсенал» қақпашысы Петр Чех, «Эвертон» жартылай қорғаушысы Гарет Бэрри, америкалық футболшы қыз — Карли Ллойд, теннисшілер — Новак Джокович пен Серена Уильямс, голландиялық автошабандоз Макс Ферстаппен марапатталды.

Роналду Twitter әлеуметтік желісіндегі ең танымал спортшы атанды. 2016 жылы 7 қазанда оның оқырмандары 47 млн. 262 мың 909 адамға жеткен.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz